Жаңа дәрігерлік амбулатория

Жаңа дәрігерлік амбулатория

Жаңа жыл қарсаңында Іле ауданы Н.Тілендиев ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл ғимарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша салынды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі @bagdat.karasaev қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Бағдат Әбілмәжінұлы халықтың тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын көтеру, елдімекендерді көріктендіру бағытында Іле ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға тоқталып өтті.

Н.Тілендиев елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемесінің жағдайы бұрын шын мәнінде сын көтермейтін еді. 1965 жылы салынған дәрігерлік амбулаториядағы тар төрт бөлмеде сырқаттар қысылысып отыратын. 3000-ға жуық халқы бар ауыл үшін ескі ғимарат біршама қолайсыздықтар тудырған еді. Енді, міне, сапалы салынған, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емханада күніне 25 адамға 15 медицина қызметкері дәрігерлік көмек көрсететін болады.