
Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың нәтижесінде жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды.
Осы ауыл шаруашылығы күні қарсаңында ауданның ауыл шаруашылығында қызмет етіп жүрген бірнеше мамандарын қабылдадым. Салтанатты жиында ҚР АШМ және Алматы облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашалық саласы табысты аяқталды деуге толық негіз бар. Бүгінде Іле ауданында 29 ірі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорын, 1471 шаруа қожалығы қызмет етеді. Биылғы жылы әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерде алға қойылған межелерді орындап, жылдық өсімнің оң нәтижесімен аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 102% құрайды. Жыл соңына дейін ет өнімін 103,5 мың тоннаға, сүт өнімін 58,5 мың тоннаға, жұмыртқа өнімін 122,5 млн.данаға жеткізу жоспарланған.
Құрметті сала мамандары, барлықтарыңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, алға қойған мақсаттарыңызға жете беруіңізге тілектеспін.
Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі,
«Nur Otan» партиясы
Іле аудандық филиалының төрағасы