«Іле жүрегі» атты еріктілер клубы

«Іле жүрегі» атты еріктілер клубы

Іле ауданы әкімінің тікелей тапсырмасымен «Іле жүрегі» атты еріктілер клубы құрылды.
Еріктілер еліміз үшін пандемия салдарынан туындаған қиын-қыстау кезеңде көмекке келіп, аянбай халыққа қолдан келгенше қызмет етуде!
Қазіргі таңда еріктілер аудандық емханамен бірігіп “мобильдік топқа” атсалысып жүр. Мәселен:
- Дәрігерлер мен медбикелерді ауырып жатқан адамдардың үйіне процедура жасауға апару;
- Лаборатория қызметкерлерін қан сынамаларын алуға науқастардың үйіне жеткізіп апару;
- Емханадан берілетін дәрі-дәрмектерді науқастардың үйіне жеткізу, - сияқты жұмыстарды атқарып жүр! Еріктілер керек кезде системаның штативі ретінде де 1 сағаттай инфузиялық ерітінділер науқасқа құйылып біткенше ұстап тұрып, түрлі жағдайларда қажымас қайрат пен әр адамға деген мейірімділікті көрсетуден аянбай келеді.
Әр отандасқа жалғызым деп қарап, денсаулығына алаңдап, халық көп шоғырланатын мекеме/ұйымдарға қол ұшын созып жатыр. Халық банк, Каспий банк, Қаз пошта, ХҚКО сияқты мекемелерде кезекте тұрататын адамдарға:
- түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
- арақашықтықты сақтауын қадағалау;
- кезекпен өткізу, жазғыздыру сияқты жұмыстарды атқарып жатыр. Еріктілер жиі дүкен, базарлар, карантин кезінде жұмыс істеуге тыйым салынған қызмет түрлерін тексеруге арналған мониторинг жүргізуге мемлекеттік қызметкерлермен бірге шығады!
Елдің мүддесін өздерінікінен жоғары қоятын еріктілер Құрбан байрам мейрамында да мешітке келіп көмек берді! Уақытқа, жағдайға, ештеңкеге қарамай, халықтың, елдің амандығына қандай болса да септігін тигізуге даяр тұратын еріктілер әлі де жұмыстар атқаруда.
Жоғарыда айтылып кеткен жұмыстардан бөлек, еріктілер өз топтарының жұмыстарын да, түрлі акциялар мен көмектерін де қатар алып жүр.
Атап айтар болсақ, 1180 отбасыға азык түлік, 2 ай аудан-қала шекараларында блок бекеттерде, оқшауланған үйлерге, адам көп шоғырланатын мекемелерде еріктілер кезекшілікке тұрып, сырқаттанған жандарға азық-түлік және дәрі-дәрмектің жектізілуін қамтамасыз етті.
400-ден астам мекен-жайдан киім алып келіп, 200 отбасыға таратылды. «Қарттарға құрмет» акциясы аясында 10 қарттар мен ардагерлердің үйлерін жинастыру, ауланы тазалау, ақтау, бояу жұмыстары жүргізілді. «Мектепке жол» акциясы аясында 20 отбасыға мектеп құралдары, 2 ұялы телефон берілді. 4500 салық қағаздары таратылып, 8000 медициналық сақтандыру қағаздары таратылды. «Егов жаршысы» акциясы бойынша 10 ауылдық округті аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Парақшалар таратылып, халық арасында насихаттау жұмыстары атқарылды.
Ауданда жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларды тиімді жұмыспен қамтуға жағдай жасауға, еңбек нарығындағы сапа мен бәсекеге қарсы тұру қабілетін көтеруге, жұмыссыз жастардың санын қысқартуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.