
Іле ауданы ТЖБ ескертеді. "Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 04-05 желтоқсанға Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын(жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман,төменгі боран күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.Ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 13-18 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяз.
Осыған байланысты тұрғындарға келесі басты ережелерді сақтауды сұраймыз: азаматтарға автокөлікпен жолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару, жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және автокөлікте күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.