
Бүгін Іле ауданы әкімдігінде «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының жеңімпазы Боралдай кентінің әкімі Данияр Төлеуханұлы Қоңырбаевты марапаттау үшін арнайы жиын өтті. Салтанатты жиынға ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова, Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев пен аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппараты, ZOOM қосымшасы арқылы аудандық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында Іле ауданы Боралдай кентінде түсірілген Қазақстан Республикасының «Үздік ауыл әкімі» Д. Қоңырбаевқа қатысты бейнеролик көрсетіліп, Д. Қоңырбаевқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Л. Бейсеқұлова Агенттік төрағасының «Дипломы» мен аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» табысталды.