
«25-қазан Республика күні» мерекесіне орай, Іле ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ» атты тақырыпта патриотизм деңгейін арттыруға және азаматтық-патриоттың қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған семинар ұйымдастырылды. Шара барысында егеменді еліміздің болашағы туралы пікір алмасып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар тіл мәселесі туралы да сөз қозғалып, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қарлығаш Болысқызы Бөпетаева күнделікті қолданыста ана тілімізге қосып сөйлейтін кірме сөздерді (даже, если, пардон, плиз т.б) мүлде қолданбай сөйлеу туралы ұсыныс білдірді. Тіпті бұл бастаманы бөлім қызметкерлерімен бастап кеткенін жеткізді. Егемендік пен еркіндіктің бастауы болған тарихи күн-Республика күні құтты болсын!