
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты байқау болып өтті. Сайыс нәтижесінде аудандық орталық аурухананың дәрігері Кутузов Михайл Вадимиович жүлделі ІІ орынға (60000 теңге сертификат) ие болып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.