
Бүгін Іле ауданы Өтеген батыр ауылында жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.
Іле ауданы бойынша 2000-нан астам адам жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдар тіркелген. Олардың басты мақсаты тұрақты жұмысқа орналасу.
«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі Іле ауданы әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресурстық орталығы, пробация қызметі бөлімі және сот орындаушылармен бірлесіп ұйымдастырылды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне ауданның 350-ден астам жұмыссыз азаматтары қатысты. Оның ішінде жұмыссыз жастар, мүгедектігі бар жұмыссыз азаматтар, пробация бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айырылу орнынынан босатылғандар, алиментке берешегі бар жұмыссыз азаматтар және т.б. санаттағы азаматтар бар.
Жәрмеңкеге ауданның - 70 жұмыс берушілері -718 бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде -30 мекеме жәрмеңкеге тікелей қатысып үлесін қосты. Жұмыс берушілердің ішінде денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, «Ремстройтехника» ЖШС, «Шин Лайн» ЖШС, «Райымбек Агро» ЖШС, «Pure Pak» ЖШС, «Qazaq Glass Company» ЖШС, «Galans Botlers» ЖШС, «Медиатекс -Н» ЖШС, «Green Service» ЖШС, «РСУ -1» ЖШС, «Пивзавод №1» ЖШС, ЖК «Караой», «Paknar» ЖШС -гі, «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Берикап Казахстан» ЖШС , «Волковгеология» ЖШС-гі және т.б. жұмыс берушілер жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген азаматтармен тікелей сөйлесіп жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге қатысушыларға 2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі арналған Ұлттық жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық жоба аясында қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыру, кәсіптік оқыту арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру, бірінші жұмыс орындары, күміс жас және ұрпақтар келісім шарты жобалары арқылы жұмыс орындарын субсидиялау, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар қарастырылған.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қорытындысы бойынша - 85 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, басым бөлігі жастарды құрады. Оның ішінде тұрақты жұмысқа -78 адам, Бастау бизнес жобасымен оқуға -4 адам сұраныс беріп жұмыссыздыққа тіркелді, -3 адам жастар практикасына жолдама алды.
Жәрмеңкеге қатысушылар мекеме өкілдерімен тікелей әңгімелесу арқылы ұсынылатын жұмыс түрімен, қызметкерге қойылатын жұмыс берушінің талаптарымен танысыуға мүмкіндік алды.