
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай Іле ауданы Боралдай кентіндегі №39 гимназияда түрлі іс-шаралар өтуде. Гимназия директоры Г.Н.Какенова қолдауымен және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Каденова, 4-сынып жетекшілері Г.Кенжалиева, Ж.Аяпова, А.Өміралиева, Г.Алимова, Г.Момбекова, Ж.Танасова, С. Елеусізова ұйымдастыруымен “Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры” тақырыбында ақын-жазушылармен керемет кездесу өтті. Жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу мақсатында өткен шараға сиясы қою қаламгерлеріміз, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белді мүшелері қатысты. Жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу мақсатында өткен шараға сиясы қою қаламгерлеріміз, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белді мүшелері:
Данияр Әлбозым– жазушы, академик, «Қазақ бүркітшілігінің әліппесі», «Шыңғысхан», «Желтоқсан қырандары» кітаптарының авторы, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-ның Алматы қаласы Наурызбай аудандық филилалының мүшесі;
Абдраимов Әбдірашит Бәкірұлы – Әль-Фараби атындағы ҚҰУ-дың аға оқытушысы, академик, философ, публицист, Абайтанушы, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-ның Алматы қалалық филиалының Медеу аудандық бөлімшесінің мүшесі;
Жұмабай Тәжібайұлы – тіл жанашыры, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-ның Алматы қаласы Наурызбай аудандық филилалының мүшесі;
Құрымбаев Болат Тоқтабайұлы – қоғам белсендісі, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-ның Төрағасы қатысты.
Кездесу барысында оқушылылар өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының ақиық ақындар өлеңдерінен шашу етті. Өнегеге толы сұхбат барысында өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қонақтардың шығармашылық жолымен танысып, өнер жолындағы жетістіктерімен, болашақтағы жоспарларынан xабардар болды.