
14 қыркүйек күні Іле ауданында Тілдер айлығының жоспарланған және А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына ұйымдастырылған шаралары аясында, аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында «Тапқыр болсаң тауып көр» атты әскери бөлім қызметкерлерінің қатысуымен тілдік сайыс өткізілді. Шара барысына Ащыбұлақ а/о 78460 әскери бөлімі, Алматы қаласының Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасы қызметкерлері, Қараой ауылындағы 2125 әскери бөлімінен қызметкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті.