
Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 5 қыркүйек 2022 жылы аудандық мәдениет үйінде «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты Тіл айлығының ашылуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиында тіл жанашырлары ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуы аясында еңбек етіп жүрген ауданымыздың мемлекеттік қызметтегі, білім саласындағы азаматтар құттықтау лебіздері мен баяндамаларын оқыды. Олардың қатарында Аубакирова Ардақ Ахметжанқызы сөз алып, Мемлекет басшысының: «Біз барлығымыз бүкіл қазақстандықтарды біріктіруші негізгі фактор - мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет» деген сөздерін тілге тиек ете келе, аудан деңгейінде өтетін шараларға белсенділік танытуға шақырды.
Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің методисі Молдағұлова Ақмарал Құрманжанқызы аудан көлемінде тіл саласы бойынша жеткен жетістіктерге тоқталса, «Жас толқын» қауымдастығының төрағасы Ержанов Алмат Ахмет Байтұрсынұлы туралы тарихи мағлұматтар мен қызықты деректермен бөлісті. Поэзия бөлімін
№38 мектеп-гимназиясының ұстазы Бестенқұлов Айбек Тіл мерекесіне өз Арнауымен ашып, №49 орта мектебінің ұстазы Чакиртова Аяжан Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», №20 орта мектебінің ұстазы Гүлдана Күләш Ахметованың «Сен-қазақсың», №36 орта мектебінің ұстазы Шыңғыс Мақсан Н.Айтұлы «Ана тілім» №38 мектеп-гимназиясының оқушысы Аяжан Асылжан «Абайдың қара сөздері» тіл туралы жазған туындыларын ұсынды.
Шара соңынан аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған мерекелік ән-шашу жалғасын тапты.