
Соңғы кездері Іле ауданында жеке тұрғын үй секторында шөп жану деректері тіркелуде. Онда көптеген жағдайларда от тұрғын үйге немесе шаруашылық құрылыстарға өтіп кету деректері тіркелуде. Оның негізгі себептері — бұл тасымалдау және жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.
Жем шөп жинау және тасымалдау кезіндегі негізгі өрт қауіпсіздік ережелері:
Жем-шөп жинау кезінде ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 15 метр қашықтықта жинау қажет.
Жинау мүмкін болмаған жағдайда жинау сыйымдылығы кемінде 500 литр бөшке сумен орналастырып, 5 метрге дейін қысқартуға болады.
Ірі жем шөптерді жинау жердеңгейінен 4 метр биіктіктен аспауы тиіс.
Ағар, шөмелелер жем-шөп, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жинауға болмайды олар:
1) сарайлар және басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырында;
2) электр желілерінің астына;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан қашықтықта кемінде 3 метр жерге жинау қажет.
Маялары, шөмелелер көшелерде, жолдарда, учаскелерден тыс жерлерге жинауға.
Ірі жем шөптерді тасымалдау кезінде көлік арнайы жабдықталған және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
Ірі жемшөптерді тасымалдауға арналған көлік құралдары, қосымша екі ұнтақты өртсөндіргішпен жабдықталады.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті