лого

Меню

Страницы

Статья

"Қазпошта" АҚ арқылы шалғайдағы елді мекендерде "БЖЗҚ" АҚ қатысуын кеңейту

Еліміздің шалғай елді мекендерінде трансферагенттік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ, Қазақстанның барлық тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ АҚ  "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне "Қазпошта"АҚ бөлімшелерін қосымша қосу жұмысын жалғастыруда.

Осылайша, қазіргі кезде БЖЗҚ қызметтерін "Қазпошта" АҚ-ның 376 бөлімшесінен алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ бірлескен жобасының арқасында Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі операцияларды жүргізе алады:

* салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);

* хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қою (оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

2022 жылдың І жартыжылдығында Қор салымшылары (алушылары) "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен 6,5 мыңға жуық қызмет алды. БЖЗҚ қызметтерінің Қазпошта бөлімшелерінде барынша жоғары сұранысқа ие болуы Қызылорда, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда

Қосымша деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын" Қазпошта " АҚ бөлімшелерінің тізімін Сіз enpf.kz сайтының "Қызметтер" бөлімінде таба аласыз.

Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т. б. үйден шықпай-ақ Қор  сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде алуға болатынын хабарлаймыз.

Дата публикации
22 июля 2022
Дата обновления
22 июля 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы