
БАҚ өкілдері мен учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің назарына!
НҚА
Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 32/484 қаулысымен дауыс беру күні республикалық референдумға қатысуы үшін БАҚ өкілдерін аккредиттеу Журналистерді аккредиттеу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен бекітілген) 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатыны көзделген.
Анықтама үшін (Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтары)
Егер өтініш бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкілінен берілген жағдайда, өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, журналистке аккредиттеу жүргізуге редакция өкілінің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.
Уақытша аккредиттеу
Қағидалрда журналистерді уақытша аккредиттеу көзделген.
Аккредиттеу үшін не қажет
Бұл үшін БАҚ өкілдері дауыс беру күні учаскеге келгеннен кейін учаскелік референдум комиссияларына көрсетілген Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (-тер) береді.
* Өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. БАҚ иесі немесе бас редакторы өтініште көрсетілген журналистің БАҚ қызметкері екенін растап, өтінішке қол қоюы керек.
Өтініш үлгісі қосымша беріліп отыр (жүктеп алу).
Аккредитация жөніндегі сұрақтар бойынша 8 (7282) 24-42-84 телефонына (облыстық референдум комиссиясы) хабарласуға болады.
Журналисті (журналистерді) уақытша аккредиттеу туралы өтініш