лого

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ төрағасы ХӘҚҚ халықаралық конференциясында сөз сөйледі

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»  акционерлік қоғамының төрағасы Жанат Құрманов мамыр айының басында Эстония астанасы Таллинн қаласында өткен «Адамға бағытталған  және бейімделген әлеуметтік қамсыздандыруға арналған сандық ауысу» атты Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) 16-шы халықаралық конференциясына онлайн  арқылы қатысты. 

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы Қорының басшысы «Клиентке бағдарланған мобильді қосымшалар: алушылар үшін электрондық қызметтер құру» тақырыбында баяндама жасап,  БЖЗҚ-ның салымшылармен (алушылармен) арадағы іс-әрекетінің веб-сервистері мен электрондық арналарының дамуын, екінші деңгейдегі банктермен интеграцияны ерекше атап өтіп, мобильді қосымшаның функционалы және т. б. туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Басқарма төрағасының таныстырылымымен келесі сілтемеге өту арқылы толығырақ танысуға болады https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/032/0329e43c0443e7a39f56aa40687c3e16.pdf

Қазіргі уақытта салымшылар (алушылар) БЖЗҚ қызметтерінің 93% астамын ыңғайлы электрондық форматта пайдалануда. Қор қызметтерін санаулы минуттың ішінде үйден шықпай-ақ сайтта және БЖЗҚ мобильді қосымшасында алуға болады. Салымшылар мен алушылар кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп,  мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беріп, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылап, т.б. қызметтер ала алады.

Сонымен қатар, Жанат Құрманов Қордың кең дамыған кеңес беру қызметі туралы да ақпаратпен бөлісті.  Салымшылар өз сұрақтарына жауапты  байланыс орталығы, enpf.kz корпоративтік сайты, WhatsApp және Viber чат-боты арқылы, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ мен ХӘҚҚ ынтымақтастығы басқа да мәселелерді қамтиды.  2022 жылдың мамыр айының басында ХӘҚҚ-ның Good Practice Award for Europe 2022 сыйлығын алу үшін байқаудың қорытындысы шыққан болатын. Халықаралық ұйым біздің Қорды салымшыларды қызметпен тең көлемде қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесін кеңейту ісіндегі жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапаттады. МАСО марапаты – бұл әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмыс әдістерін жақсартудағы қажырлы еңбегі мен жетістіктері үшін берілетін құрметті мадақ. Сыйлық ХӘҚҚ-ға мүше ұйымдардың әлеуметтік қамсыздандыруды басқару саласындағы озық тәжірибесін мойындап, әрі мекемелерге өздерінің маңызды әкімшілік бастамалары мен инновациялық шешімдерін жаһандық аудиторияға ұсынуға керемет мүмкіндік береді.

Дата публикации
01 июня 2022
Дата обновления
01 июня 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы