лого

Меню

Страницы

Статья

ЕХӘҚМ жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жобаны іске қосты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Eurasian Resources Group (бұдан әрі – ERG) компаниялар тобымен бірлесіп «Жастарды жұмысқа орналастыру» бірлескен жобасын іске қосты. Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған.

Жоба аясында 2022 жылғы мамырдан бастап «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады.

«Enbek.kz» порталының басты бетінде  баннер орналасқан, оны басу арқылы жұмыс іздеушілер ERG тобындағы компаниялардың HR-қызметтері орналастырған бос жұмыс орындарының тізімімен таныса алады.

Жоба іске қосылғаннан бері әртүрлі мамандықтар бойынша 346 бос жұмыс орны орналастырылды. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.

ERG 28 жылдан бері табысты жұмыс тәжірибесі бар, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші компаниялардың қатарында. ERG құрамына «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Еуразия» Медициналық орталығы» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар кіреді.

Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
30 мая 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы