
Іле ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, 64 мемлекеттік қызмет көрсетеді (22 қызмет электронды, 35 қызмет баламалы, 6 қызмет қағаз түрінде).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-Әкімдік», «Мекен-жай тіркелімі», «Е-Собез», «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.
Аудан әкімі аппаратына қарасты 21 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді( 1 кент кент, 9 ауылдық округ, аудандық 11 бөлімдер).
2021 жылы 58 231 мемлекеттік қызмет көрсетілді. (2020 жылы жалпы саны 74600 қызмет көрсетілген). ЖАО көрсеткен қызметтердің жалпы санынан қызметтердің 81,2% электронды түрде ұсынылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің көрсету мерзімдерінің сақталуы күнделікті бақылануда.
2021 жылы жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің өту фактілері тіркелмеген.
Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік әкімдік» форматымен аудан халқына қызмет көрсету үшін өткен жылы аудан әкімдігінің ғимаратында және Боралдай кенті әкімдігінің ғимаратында сервистік әкімдік ғимараттары қайта жабдықталып, ашылып тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Аудандық сервистік әкімдік арқылы 31 750 қызмет түрі көрсетіліп, 1804 адамға кеңес беріліп, 374 адамды аудан әкімі мен оның орынбасарлары және бөлім басшылары қабылдады.
Энергетический, Байсерке ауылдық округтерінде аудан бюджетінен 30 млн қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, open space форматында ашылып, қызмет көрсетуде.
Ауданда тұрғындарға электронды түрде қызмет ұсыну үшін барлығы 97 өзіне -өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған.
Жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар 43 710 қызметті ХҚКО бармай-ақ аталған бұрыштар арқылы электронды түрде алған.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, халықтың цифрлық, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, ашық есік күндері, семинарлар тұрақты түрде өткізілуде.
2020 жылы осындай 59 әр түрлі іс шаралар өткізіліп, 13 601 адам қамтылса, 2021 жылы 131 іс шараға 47 488 тұрғын қамтылды.
Электронды қызметтерді тұрғындарға насихаттау бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында қабылданған медиа жоспарға сәйкес 2021 жылы 56 мақала, әлеуметтік желілерде 16 бейнеролик жарияланып, тұрғындарға барлығы 7000 ға жуық түрлі брошюралар таратылды.
ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні, ҚР Конституциясы күні қарсаңында мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерді ынталандыру мақсатында «Қызмет білгірлері» зияткерлік ойындары ұйымдастырылды.
Қызмет алушылармен кері байланыс орнату мақсатында «QYZMET LIVE» жобасы аясында облыстық басқармалардың аудандық бөлімшелері, аудандық бөлімдер басшылары және Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдерімен 36 тікелей эфир өткізіліп, эфир барысында келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Ауданда еріктілерден құрылған құрылған «E-GOV жаршысы» еріктілер клубының мүшелері тұрғындарға электронды қызметтерді оңай алу тәсілдерін түсіндіру үшін жергілікті жерлерде және аудан орталығында өзіне- өзі қызмет көрсету бұрыштарын насихаттап, 19 700 тұрғынды қамти отырып, 38 акция өткізді.
Аудан әкімі жанынан құрылған мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы арнайы талдау тобы тоқсан сайын мекемелердегі қызмет көрсету сапасына талдау жасап тұрады.
Өткен жылы 4 рет 14 мекемеге, ағымдағы жылы бойынша 4 рет 11 мекемеге талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша талдау парақшалары толтырылып, кемшіліктер қоғамдық кеңес және «Nur Otan» партиясының отырыстарында талқыланды.
Аталған топ мүшелері аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қызметтер сапасын жақсарту бойынша 7 рет қабылдау шараларын жүргізді.
Қоғамдық кеңестің отырыстарында Боралдай кенті мен 9 ауылдық округ және 11 аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы мәселелер талқыланып, ұсыныстар орындалды.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының отырыстарында өткен жылдан бері 5 ауылдық округ және 5 бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тыңдаулар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы-19, 2021 жыл 11 мекемеге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.