лого

Меню

Страницы

Статья

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?

Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет.

📌Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы элекронды талон алыңыз;
📌Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
📌Құжаттандыру секторына өтіңіз;
📌Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді;
📌Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.

ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі.
ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі.
16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті

✅Төленетін баж алымы:
Паспорт – 8 АЕК
Жеке куәлік – 0,2 АЕК

✅ Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады

❗Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады.
1 жұмыс күні - 4983 тг
3 жұмыс күні - 2752 тг
7 жұмыс күні - 1 116 тенге ❗ Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектігін ескертеміз

Дата публикации
11 марта 2022
Дата обновления
11 марта 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы