лого

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-ның қандай қызметтерін жеке куәліксіз алуға болады?

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovMobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өзі келгенде төмендегі қызметтерді алуға болады:

жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Енді жеке куәліктің электрондық нұсқасының көмегімен алынатын жоғарыда аталған қызмет түрлеріне зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыру мүмкіндігі қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өтініш білдірген кезде БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару үшін мынадай құжаттар қажет:

1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы, не шолу үшін цифрлық құжаттар қызметінен электрондық құжат;;

2) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы/салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен жасасқан қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасы;

3) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш.

Жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасын БЖЗҚ бөлімшелеріне салымшы тікелей өзі келгенде пайдалануға болатынын атап өтеміз.

Егер жүгінген тұлғада жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болып табылса, онда eGovMobile мобильдік қосымшасында да құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

Дата публикации
10 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы