лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 1 наурызда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 1 наурызда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды.

Тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау бойынша басты іс-шаралардың бірі, оны уақытылы ақпараттандыру және табиғи,​ техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе орын алу​ қатері туралы құлақтандыру болып табылады.

Тексеріс барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары қосылатын болады. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар Алматы облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

- радио және теледидарды қосыңыз;

- шұғыл хабарды тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы