
1) Сәлеметсіз бе! ЖЗШ-да шамамен 5 миллион теңге жинақталған адамның зейнетке шыққан соң зейнетақы төлемін қалай алатынын мысалмен түсіндіріп бере аласыз ба?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Әдістеменің өзгерістері күшіне енді. Соған сәйкес, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5 % (зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлемнің мөлшері).
Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемін индекстеу мөлшерлемесі – 5%-ға ұлғайту жолымен жыл сайын қайта есептеліп отырады.
Мысал келтірейік:
ЗЖ сомасы = 5 000 000 теңге
Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 5 000 000*6,5% = 325 000 теңге;
Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 325 000/12 ай. = 27 083,33 теңге;
Екінші жылға ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 27 083,33+5% = 28 437,50 теңге.
Белгілі бір санаттағы алушылар: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектер, сондай-ақ, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен кемінде алпыс ай жинақталып, жұмыс істеген адамдар үшін зейнетақы төлемдерін есептеудің жаңа Әдістемесінде түзету арттыру коэффициенттері көзделген.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген шарттардың саны біреуден асатын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады (мысалы, 2022 жылы бұл сома 25 212,6 теңге=70%*36018).
Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2022 жылы 555 624 теңге = 12*46 302 теңге).
Бұдан басқа, егер ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% аз соманы құраған жағдайда, бұл қалдық кезекті төлем сомасымен бірге төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерден басқа, зейнеткерге мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы түріндегі төлемдер де ұсынылады.
Базалық зейнетақы зейнет жасына толған барлық адамдарға төленеді. Оның мөлшері зейнетке шығатын адамның еңбек өтіліне байланысты.
Ортақ зейнетақы – 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілі болған кезде төленеді.
Зейнет жасына толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан төлемдер тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне уақытылы жүгінулері қажет.
2) Қайырлы күн! Өткен жылы ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім күшіне енгенін оқыдым. Алайда өзім Тәжікстан азаматымын және біздің ел ЕАЭО құрамына кірмейді. Алматыда сауда-саттықпен айналысамын. Білгім келгені, менің Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысуға құқығым бар ма және жұмыс берушім мен үшін зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс пе?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
ҚР Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіпке сай Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады.
Мәселен, ҚР «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) автоматты түрде өтінішсіз ашылады:
- 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін;
- 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін;
– 2021 жылдың 26 қазанынан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін.
Бұл ретте жеке зейнетақы шотына МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ аудару үшін тұлғаның жеке басын куәландыру үшін төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (т.а. ә., ЖСН, туған күні) арқылы жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрақты тұратын жері, және өзге де барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
3) Жасым 65-те, зейнеткермін, бірақ жақында кішігірім жұмысқа шықтым, бір компанияда күзетші болып істеймін. Енді «жұмыс берушім жалақымның 10% БЖЗҚ-ға аудара ма?» деген сұрақ туындады. Өйткені, сіздерден онсыз да зейнетақы төлемдерін алып жүрмін ғой.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 24-бабы 2 және 3-тармақтарының 1) тармақшасына сәйкес, зейнет жасына толған жеке тұлғалар осы заңның 11-бабының 1-тармағына көзделген тәртіппен БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасы ерлер үшін – 63, әйелдер үшін 2022 жылы - 60,5 жас деп белгіленген, одан әрі әйелдердің зейнет жасы жыл сайын алты айға ұлғайтылып, 2027 жылы 63 жасқа жеткізіледі.
4) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салынады деген рас па? Қай санаттағы азаматтар салық шегерімдеріне үміт арта алады?
Қазақстан Республикасының Салық кодексі салық салынатын табыс деп есептелетін зейнетақы төлемдері түріндегі төлемдерді айқындап қойған. Әрі зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа арналған салық мөлшерлемесі де бар.
Мәселен, Салық Кодексінің 326-бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа БЖЗҚ жүзеге асыратын келесі төлемдер жатады:
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары;
2) ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнет жасына толған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін қоныс аударған Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларына берілетін төлемдер;
3) ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнет жасына толмаған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін қоныс аударған Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларына берілетін төлемдер;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі жеке тұлғаларға берілетін төлем;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға берілетін төлем.
Салық кодексінің 320-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы табыс көздерінен алынған дивидендтер түріндегі табысты қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 пайыз мөлшерлемесінде салық салынады.
Салық кодексінің 353-бабының 3-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы,
айырма
Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы.
айырма
Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағы және 346-бабының 1-тармағы 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіп пен мөлшердегі салық шегерімдерінің сомасы;
Салық кодексінің 345-бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа мынадай мөлшерлерде салықтық шегерім қолданылады:
1) Салық Кодексінің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша, республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген, әрі зейнетақы төлемі төленетін әрбір айдағы зейнетақы төлемі түріндегі табысты есептеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;
2) Салық Кодексінің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша, республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түрінде кірісті есептеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшеріндегі салықтық шегерім қолданылады.
Салық кодексінің 341 – бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, қайтыс болу туралы анықтама немесе қайтыс болу туралы куәлік болған кезде ең төменгі есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері аясында жерлеуге арналған төлемдер жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) бойынша түзетуге жатады.
Сондай-ақ, Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, келесі зейнетақы төлемдерін алушыларға салынатын салықтың мөлшерін айқындау кезінде алушы БЖЗҚ-дан төлем алатын күні күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінде стандартты салық шегерімдері қолданылады:
- Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
- Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;
- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;
- І, II немесе III топтағы мүгедек;
- мүгедек бала;
- әрбір осындай мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек баланың ата-анасы, қорғаншылары, қамқоршыларының бірі;
- «бала кезінен мүгедек» деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
- асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі;
- ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балаларды отбасына асырап алған ата-ананың бірі, - жетім бала, немесе ата-ананың қамқролығынсыз қалған балаларды отбасына қабылдау туралы келісім-шарттың қолдану мерзімінде осындай әрбір тұлға үшін .
Салық кодексінің 351-1-бабында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (алушы) БЖЗҚ-дан алатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері көзделген.
Бұл ретте БЖЗҚ ЖТС-ті Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемені (10% мөлшерінде) біржолғы зейнетақы төлеміне қолдану арқылы есептейді.
Салық кодексінің 351-1-бабы 2-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстап қалу және аударуды БЖЗҚ жеке тұлғаның ЖТС ұстап қалу туралы өтінішіне сәйкес мынадай тәсілдердің бірі бойынша жүргізеді:
1) Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған күннен кешіктірмей, бір мезгілде;
2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.
ЖТС ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның БЖЗҚ атынан салық агентіне ұсынған ЖТС ұстап қалу туралы өтінішінің негізінде жүргізіледі.
Назар аударатын жәйт, зейнетақы төлемдерін алушылардың келесі табыстарына салық шегерімдерін қолданбай 10 (он) пайыз мөлшерлемесі бойынша ЖТС салынады:
- Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі төлемдер;
- Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға төлемдер (Салық кодексінің 655-бабының 3-тармақшасы);
- тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшының (алушының) БЖЗҚ-дан алатын біржолғы зейнетақы төлемдері кіреді.
5) Қайырлы күн! Мен жеке кәсіпкермін, шағын бизнесім бар, өз пайдама зейнетақы жарналарын қалай аударсам болады?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер үшін өз пайдасына БЖЗҚ-ға төленуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Айта кетейік, жеке тәжірибемен айналысатын адам, сондай-ақ, жеке кәсіпкер өзі айқындап, өз пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріс – алынатын табыс болып табылады. Табысы болмаған жағдайда жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне алу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және өндіріп алу Қағидаларының 8 және 13-тармақтарына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке тұлғалар (бұдан әрі – банктер) міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарының және қызмет көрсету (жұмыстарды орындау) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасқан өз қызметкерлері мен жеке тұлғалардың табыстарынан ұсталған қаржысын аудару (қолма-қол ақша аудару) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсетеді. Ал оларға қоса берілген тізімдерде өзі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан қызметкерлер мен жеке тұлғалар туралы мәліметтер (ЖСН, тегі, есімі, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарналардың сомасы және міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезең (ай/айлар, жыл) көрсетіледі.
Заңының 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарының және нысанасы қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасқан өз қызметкерлері мен жеке тұлғалардың табыстарынан ұсталған сомаларын аудару (қолма-қол енгізу) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсетеді. Ал оларға қоса берілген тізімдерде өзі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан қызметкерлер мен жеке тұлғалар туралы мәліметтерде (ЖСН, тегі, есімі, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарналардың сомасы және міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезең (ай/айлар, жыл) көрсетіледі.