лого

Меню

Страницы

Статья

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекеттік статистика органдары халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл республикадағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.

Сіздерден алыңған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.

Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саңы, жұмысқа орналасудың тұйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы кұнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамту мен аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.

Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды. өйткені үй шаруашылықтары көше аатары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды.

Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраымыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: Сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.

Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің  сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.

Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы анықтама көрсетеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады.

Сіз райондық статистика басқармасына байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарынызды қоюыңызға болады.

 

Телефондар 8(727) -2-517-497,   8(727)-52-2-07-71

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Іле ауданының статистика басқармасының

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы