лого

Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Алматы облысы бойынша экология департаменті.

Алматы облысы бойынша экология департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 337-бабына сәйкес, қауіпті емес қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығының 6-қосымшасына және Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруге міндетті.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 337-бабының 3-тармағына сәйкес, қауіпті емес қалдықтарды хабардар етпей жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің енгізілуіне байланысты Департамент келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 384-бабына сәйкес, объект операторлары (меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға теріс әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға) қалдықтарды түгендеу жөнінде есеп беруге міндетті екенін еске салады. Есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз жеткізгіште және (немесе) оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда жыл сайын ұсынылады. ҚОҚ БАЖ жүйесіне кіру сілтемесі: : (http://oos.ecogeo.gov.kz/).

Объектілердің операторлары Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген "қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанына" сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынуға міндетті.

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 344-бабының 3-тармағына және 327-1-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8/7282/24-57-22 және 8 747 611 70 13 телефондарына немесе Талдықорған қаласы, Абай көшесі 297 мекен-жайы бойынша хабарласуларыңызға болады.

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы