
Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскерге шақырылушыларды «В, С, С1» санатындағы жүргізуші мамандығы бойынша өтеусіз негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің (ӘТМ) Алматы филиалы арқылы 17-22 жас аралығында даярлауды жоспарлап отыр. Филиалдарда әскерге шақырылушылар казармада тәулік бойы тұрады, далалық киім-кешекпен, үш мезгіл тамақпен және монша-кір жуу қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады. ҚР ҚМ ӘТМ Алматы филиалына оқуға түсу және оқу мәселелері бойынша Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, 30 мекенжайына жүгіну қажет. Телефондар: 8(72752)2-00-85, 87085488253 (ватсап).