
Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41 бабы 5 тармағына сәйкес жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелері) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді https://infonpo.gov.kz/ интернет порталына 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынуларыңыз тиіс.