лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында салтанатты рәсім өтті кадеттердің ант қабылдауы

Бүгін, 2021 жылдың 15 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде «Smart sarbaz» жас құтқарушылардың екі кадет сыныбының Өтеген батыр кентіндегі №7 кадет сыныбының «Жас өрт сөндіруші» ант қабылдау рәсімі өтті.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өскелең ұрпақпен Төтенше жағдайлар кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде, оның мақсаты ерте жастағы балаларда тіршілік қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 2019 жылдан бастап Өтеген Батыр кентіндегі №7 орта мектепте Жас құтқарушылардың екі кадеттік сыныбы ашылды. Ағымдағы жылдың 15 қазанында Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында Өтеген батыр кентіндегі №13 Орта мектебінде үшінші кадет сыныбы ашылды.
Салтанатты шараға Алматы облысы ТЖД басшылығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, кадет сыныбының демеушілері болып табылатын «Алюминий оф Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шара барысында салтанатты шеру, ант қабылдау, Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, «Smart sarbaz» «Жас өрт сөндіруші» кадеттеріне куәлік берілді.
Қазақстанда Алматы облысы мұндай тәжірибені енгізген алғашқы облыс екенін атап өткім келеді. Бұл азаматтық қорғау жүйесін құру және дамыту тарихына енетін тағы бір жаңа леп. Мектеп қабырғасынан бастап балалар өз тағдырларын игі іспен байланыстыруды шешкендері қуанышты. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, мұндай жұмысты ерте жастан бастап балалармен жүргізу өте маңызды. Өз кезегінде Алматы облысы ТЖ Департаменті оқыту процесін ұйымдастыру үшін жан-жақты қолдау көрсете отырып, осы жұмысты жалғастыратын болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы