
Ағымдағы жылдың 5 қазаннан бастап халықты бөлшек сауда бағаларды бақылауға тарту мақсатында Статистика комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша тұрғындармен тұрақты түрде онлайн режимінде сауалнаманы бастайды. Еліміздің тұрғындарын сауалнамада қатысуға шакырамыз, бұл үшін тауар бағасын немесе чекті фотоға түсіріп жіберу жеткілікті. Аталған сауалнамаға Сіз тұрақты негізде қатыса аласыз. Сіздің ақпаратыңыз бөлшек сауда бағалары бойынша деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін статистикалық мақсаттарда пайдаланылатын болады. Ынтымақтастығыңыз үшін рахмет!
Сауалнама сайттың басты бетінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша сауал салу» бөлімінде орналастырылған.
Cіз осы сілтемемен өте аласыз: https://stat.gov.kz/quiz/price