лого

Меню

Страницы

Статья

Әскери билет

Күнделікті өмірде әскери билеттің маңызы төлқұжат пен жеке куәліктен кем емес. Ол жұмысқа орналасу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде міндетті болып табылады. Әскери билет болмауының немесе жоғалуының жағымсыз салдары болуы мүмкін, сондықтан бүгін біз «офицерлерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметі туралы айтып бермекпіз. Қызметті екі жолмен алуға болады:
eGov.kz порталы арқылы:
- Порталда авторизациядан өтіп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз
- Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қойыңыз
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз
ХҚО арқылы:
Сіздің категорияңыз үшін ұсынылған тізім бойынша құжаттарды жинап, жақын орналасқан ХҚО-ға жүгіну болады.
Қажетті құжаттардың санаттары мен тізімін сырғытпадан таба аласыз.
Қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні
Сондай-ақ өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек - фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде түсірілуі тиіс, адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы тиіс.

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы