лого

Меню

Страницы

Статья

Іле ауданының бюджеттік комиссиясы

Іле ауданының бюджеттік комиссиясы
Іле ауданының бюджеттік комиссиясы Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 05 қыркүйектегі №323 "Ауданның бюджет комиссиясының ережесін бекіту және бюджет комиссиясын құру туралы" қаулысымен құрылды, комиссия Ережесі бекітілді. Бюджет комиссиясының құрамы Іле ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №107 "Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 05 қыркүйектегі №323 "Ауданның бюджеттік комиссиясының ережесін бекіту және бюджет комиссиясын құру туралы"қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілді.
Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, 9 мүшеден және хатшыдан тұрады. Комиссия төрағасы Іле ауданының әкімі болып табылады. Іле ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады. Комиссия мүшелері ауылдық округ әкімдері, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Іле филиалының директоры, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, қаржы бөлімінің басшысы, білім бөлімінің басшысы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, құрылыс бөлімінің басшысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, жер қатынастары бөлімінің басшысы және жеке кәсіпкер болып табылады. Комиссия хатшысы – Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.
Қаңтар-қыркүйек айларында бюджеттік комиссияның 4 отырысы өткізілді. Отырыстарда аудан бюджетін нақтылау, шығыстар лимитін айқындау мәселелері қаралды.

Дата публикации
17 сентября 2021
Дата обновления
17 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы