лого

Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздігі кезеңі. Ауыл шаруашылығындағы өрт

Орман және дала өрттерінің пайда болуының және таралуының негізгі көздерінің бірі - ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, жер иелері өртеудің көмегімен өткен жылдардағы құрғақ шөптер мен өсімдіктердің қоқыстарын тазартады.                 

Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімі келесі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады:
         1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өрт сөндіру әдістері туралы нұсқау беру;
         2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарына жауапты адамдар тағайындалады;
         3) орманға жақын аймактарда ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын бастамас бұрын орман иелеріне 1 тәулік бұрын хабардар етіледі;
         4) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, соқасы бар бір трактор, өрт сөндіргіш, күректер,  жабдықтарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;
         5) жұмыстар жүргізілмес бұрын ауылшаруашылық  жұмыстарының аумағын ені 8 метрден кем емес жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;
         6) орман алқаптарын, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес желектер ені кемінде 8 метрге дейін жыртылады;
         7) өртеу жұмыстары желдің күші 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр), жауапты адамдар мен жұмысшылардың бақылауындағы егістік жерлерде жүзеге асырылады;
         8) өрттің тез таралуын болдырмау үшін жел жағында тұрып өртейді;
         9) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары болған аймақты мұқият тексеру және жанудың кайта басталып кетуіне жол бермес үшін 3 сағат ішінде қорғау қамтамасыз етіледі.
Өйткені, қайғылы жағдайдың алдын алудың жалғыз тәсілі - сіздің өміріңізді және басқа адамдардың өмірі, материалдық құндылықты (мүлік) өрттен қорғау.

Іле ауданы ТЖБ аға
инженеры а.қ. майоры                                                      Асмиева З.С.

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы