лого

Меню

Страницы

Статья

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі.Жағдай өте қарапайым, бірақ әр жүргізуші қалай әрекет ету керектігін біле бермейді. Сонымен қатар, өрттің алдын-алу оңай, оны болдырмас үшін бәрін жасау, жанған машинаны құтқарудан гөрі оңай. Автокөліктегі өрт үшін аз ғана жанармай, оттегі және жоғары температура жеткілікті. 
Көлікөртенуінің себептері:
1. Оқшауламасыз сымдардың тоқ ұшқынын тудырып, өртке алып келуі.;
2. Ашық газ багының жанында және салонында темекі шегу;
3. Өртті абайсыз пайдалану;
4. Жол көлік апаты.                                                                                         

Бұл барлық тізім емес.
Қозғалтқыш бөлігіндегі тазалықты бақылау қажет. Қызып турған қозғалтқышта майдың кез-келген ізіөртті тудыруы мүмкін.
Оқшауламасыз сымдарға жол бермеңіз. Қысқа туйықталу болмас үшін,  ақау болған орнындыоқшаулап немесе тіпті сымды ауыстыруыңыз керек. Жалаңаш сым автомобильдің металл бөлігіне тиіп кетуі мүмкін содан қысқа тұйықталу пайда болады.
        Егер қозғалыс кезінде күйген иіс шықса, онда сіз дереу тоқтап, қозғалтқышты өшіріп, аккумуляторды ажыратып тастауыңыз керек. Содан кейін бүкіл электр бөлігін тексеріңіз.Аккумулятор жарылғыш заттардан алыс жерде, желдетілетін жерде зарядталуы керек.
       Көліктегі өртті сөндіруге өрт сөндіргіш қолданылады. Бірақ оны іздеуге уақытты жоғалтпау үшін ол әрқашан оңай жерде болуы керек. Мысалы  жүргізушінің орындығының асты.
Жолда не кездесетінін ешкім білмейді, бірақ сіз бәріне дайын болуыңыз керек, алдын-ала ескертіп, қажет болған жағдайда автомобильдегі өртті өшіріңіз. Өртті өшіруге мүмкіндік болмаса 101 немесе 112 телефон нөмеріне қонырау шалыңыз және өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Жолда сәттілік!

Іле ауданы ТЖБ

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы