лого

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-ның 1 маусымдағы негізгі көрсеткіштері

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.06.2020 жылдан бастап 01.06.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 1 триллионнан аса теңгеге немесе 9% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім – 9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 326,1 млрд теңге (өсім 18%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 4%) жетті.

2021 жылдың бес айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 665,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 236,7 млрд теңгеге немесе 55%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 491,5 млрд теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20%), МКЗЖ бойынша 22,9 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 241 млн теңге (өсім 80%) аударылды.  

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі, салымшылардың салымынан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында 654,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 31% немесе 155 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 маусымға 5,3% болса, инфляция 3,5% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 11,7%, осы кезеңдегі инфляция 7,2% болды.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 10 900 756. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 523 624, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 143 бірлікке тең.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 1,5 трлн теңгеден астам төлем жасалды. Төлемдердің 1,4 трлн теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында – 37,4 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 33,8 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 26,3 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер  13,4 млрд теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 2,1 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 0,9 млрд теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 780 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады. Бұл ретте, ағымдағы жылы салымшыға кесте бойынша берілген МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ-ның жиынтық төлемі 558 954,53 теңге болды.

Дата публикации
28 июня 2021
Дата обновления
28 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы