- Жалпы ереже
- Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, елжандылыққа баулу мақсатында әзірленді.
- Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
2) тіл мәдениетін көтеру;
3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;
4) талантты жастарды табу.
- Конкурс мемлекеттік тілде өткізіледі.
- Конкурс 2 кезеңнен тұрады.
1) Бірінші кезең – аудан, қалаларда 2021 жылдың мамыр айының 12-не дейін өткізіледі.
2) Екінші кезең – облыстық деңгейде 2021 жылғы 14 мамырға дейін ауданнан іріктелгендердің құжаттары қабылданып, ұйымдастырылады.
- Конкурсқа 17-35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының этнос өкілдері қатыса алады.
- Конкурсты өткізудің бірінші кезеңінің Қағидасын аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және бекітеді.
- Конкурсты өткізудің тәртібі
- Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
- Конкурстың ережесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады. Байқаудың өтетін уақыты қосымша хабарланады.
- Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:
1) Абай Құнанбайұлының шығармаларынан (проза) үзінді оқу.
2) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында поэзиялық шығармалардан үзінді оқу.
- Конкурс шарттары:
1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;
2) мәтіндерді жатқа оқу;
3) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.
- Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Қорытынды ереже
- Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
- Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;
2) дұрыс дыбыстауы;
3) көркем мәтінді таңдау талғамы;
4) сахналық образ және оқушеберлігі.
- Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
- Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.
- Байқауға қатысу туралы өтінім 2021 жылғы 12 мамырға дейін қабылданады.
- Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
- Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Байқау материалдарын kultura_ili@mail.ru , zh.kasymkhanova@zhetysu.gov.kz электронды поштасына жолдау қажет.
Байланыс телефондары: 8 (72752) 2-06-15, 8 776 422 32 22.