лого

Меню

Страницы

Статья

Көмек қолы!

Мұқтаж адамдарға көмек көрсету кейде өте оңай. Көбіне ақша да қажет емес-тек ниет қажет. Улкен жастағы көптеген адамдарға қарапайым көмек қажет, оны көрсететін ешкім жоқ. Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті " «Көмек қолы» акциясын ұйымдастырды. 
Аталған акцияның мақсаты: улы газбен улану нәтижесінде жазатайым оқиғалардың алдын алу және халықтың осал топтары үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері "ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі" РМҚК Алматы филиалының тәрбиеленушілерімен және Іле ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының отбасыларына көмек көрсетті.
Үш отбасына жылыту жүйелерін жөндеу (пеш конструкциясындағы жарықтарды жөндеу, түтіндікті күйеден тазалау, пеш алдындағы табақтардың жарамдылығы) және электрмен жабдықтау бойынша көмек көрсетілді.
Мұқтаж отбасыларға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсете отырып, жас өскелең ұрпақ өздерін қоғамдық маңызды қызметте жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша тікелей қарым-қатынас жасау және дағдыларды үйрену жас ұрпақпен психологиялық жеңілдіктің бір түрі болып табылады, ал ұлдар мен қыздарға баға жетпес тәжірибе береді.                       Олар өздерінің тәжірибелерін, көңіл-күйлерін және сезімдерін түсіне бастайды және қажеттіліктерін ұғынады.
"Жылыту маусымы кезінде адамдардың улы газбен улану оқиғаларының саны артып келеді, осыған байланысты аталған акция іске қосылды. Бұл жазатайым оқиғалардың алдын алуда оң нәтиже береді". Жұмыстар жүргізілгеннен кейін тұрғындарға улы газбен улану салдарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша ұсыныстар-түбіртектер мен жаднамалар берілді.


Іле ауданының ТЖБ

Дата публикации
29 марта 2021
Дата обновления
29 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы