
АӨК субъектілеріне несие беруді екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен тікелей "Аграрлық-кредиттік Корпорация" АҚ және мүлік кепілдігімен кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.
Нысаналы мақсаты:
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру.
Кредит беру сомасы: 1 000 000 теңгеден жоғары
Несиелеу мөлшерлемесі:
- "Аграрлық – кредиттік Корпорация" АҚ тікелей несие беру арқылы -жылдық 1,5% - ға дейін;
- несие серіктестіктері арқылы 5% - ға дейін.
Несиелеу мерзімі:
Несие беру мерзімін ұзарту несие серіктестігі үшін қаржыландыру жылынан кейінгі жылдың 31 наурызын қоса алғандағы мерзімге ғана көзделген, бұл ретте қаражаттың негізгі борышын өтеу:
* 40% – тиісті қаржыландыру жылының 1 желтоқсанына дейін;
* 60% – жылдық 9,5% сыйақы мөлшерлемесін есептей отырып, қаржыландыру жылынан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін (несие серіктестігі соңғы қарыз алушылары үшін-жылдық 14% аспайды).
"Аграрлық несие корпорациясы "АҚ мына мекен-жайда орналасқан: Алматы қаласы, Ә.Кекілбаев көшесі № 34," Капитал Тауэрс " бизнес орталығының ғимараты 7 қабат, байланыс телефоны: 8 727 330-75-04. Толық ақпаратты akk_almaty@mail.ru сайтынан алуға болады. "Бак-Дәулет" несие серіктестігі мына мекен-жайда орналасқан: Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 17-үй, байланыс телефоны: 8 727 251-79-42. Толық ақпаратты ktbak-daulet@mail.ru сайтынан алуға болады.
«Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі ММ»