лого

Меню

Страницы

Статья

ЭЦҚ мерзімін қалай ұзартуға болады?

ЭЦҚ мерзімін ұзарту үшін төмендегі нұсқаулыққа назар аударамыз. Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Одан әрі:
📌Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;
📌«Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;
📌ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз.
📌Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.
📌Негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
📌 ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
❗Есіңізде болсын
✔️Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейді;
✔️Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;
✔️ Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.
Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы