лого

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының тең жартысы өз жинақтарын интернет арқылы бақылайды

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) өздерінің жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы хабардар ету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей өзі келгенде, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алу және электрондық тәсіл арқылы білуге болады.

Қазіргі уақытта ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпараттандырудың ең танымал тәсілі – электрондық тәсіл. 2021 жылдың 1 ақпанына оны 6,7 млн  астам ЖЗШ иелері таңдады. Бұл ретте 5 876 269 шоттың жай-күйі туралы салымшылар мен алушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе ENPF мобильді қосымшасында біле алады. Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жыл ішінде 248 531 адамға көбейді.

БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы үзінді көшірмені 836 399 салымшы алады. Естеріңізге сала кетейік, ақпараттандырудың осы әдісіне сәйкес ЖЗШ-дан үзінді-көшірме салымшыға таңдалған кестеге сай электрондық пошта арқылы келеді.

Дәстүрлі пошта арқылы ақпараттандыру өз танымалдылығын біртіндеп жоғалтуда. 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша осы тәсілмен 1 268 206 салымшы өз ЖЗШ-сын бақылайды екен. Бұл өткен 2020 жылғы 1 ақпанға қарағанда 81,9 мыңға аз. Егер салымшы ЖЗШ-дан үзінді көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды қалап, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен болса, онда ол бұл туралы Қорға хабарлауы тиіс екенін естеріңізге саламыз. Айтқандай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында мұны мекенжайы өзгергеннен кейінгі 10 күн ішінде жүзеге асыру қажет деп көрсетілген. Олай болмаған жағдайда, пошта операторы ЖЗШ-дан үзінді көшірмені мекенжай иесіне жеткізе алмайды және ол Қорға қайтып оралады, яғни Қор ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені келесі жылы мұндай салымшыға жібермейді.

БЖЗҚ  зейнетақы шотын кез-келген ыңғайлы тәсілмен үнемі қадағалап отыру қажеттілігін еске салады. Себебі, ол шоттың үнемі толықтырылып отырғанына және болашақ зейнетақыны жоспарлауға сенімді болу үшін керек.

Дата публикации
02 марта 2021
Дата обновления
02 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы