
КазЦИК ауылдық округінің құрамына 2 елді мекен және 26 саяжай кіреді.
Статистикалық есеп бойынша қазіргі уақытта тұрғындар саны – 17900 адамды құрайды.
Бюджет
«КазЦИК ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік Мекемесінің 2020 жылға арналған бюджеті 131 млн 020 мың теңгені құрап, оның 129 млн 167 мың теңгесі, яғни 98,6 пайызы игерілді.
Салық саласы бойынша
2020 жылы Салық жинау жоспары бойынша 95 млн 042 мың теңге бекітілген болатын, өткен жылдың ішінде округ бойынша 113 млн 520 мың теңге салық жиналып, жоспарды орындау 113 пайызды құрады.
|
КБК |
Жоспар |
Салық түсімі |
Қалдық |
% |
|
101202 – жеке табыс салығы |
41 млн 828 мың теңге |
35 млн 340 мың 955 теңге |
6 млн 487 мың 045 теңге |
% |
|
104102 – мүлік салығы |
2 млн 039 мың теңге |
2 млн 413 мың 761 теңге |
0 |
100 % |
|
104302 – жер салығы |
4 млн 054 мың теңге |
2 млн 850 мың 462 теңге |
1 млн 149 мың 592 теңге |
% |
|
104401 – заңды тұлғалардың көлік салығы |
3 млн 947 мың теңге |
3 млн 688 мың 468 теңге |
258 мың 532 теңге |
% |
|
104402 – жеке тұлғалардың көлік салығы |
41 млн 873 мың теңге |
68 млн 340 мың 657 теңге |
0 |
100 % |
|
105430 – сыртқы жарнама |
1 млн 301 мың теңге |
885 мың 236 теңге |
115 мың 065 теңге |
% |
|
Барлығы |
95 млн 042 мың теңге |
113 млн 519 мың 631 теңге |
0 |
118% |
Ауыл шаруашылық саласы
Ауыл шаруашылық саласы өз кезегінде ауылдарды дамытуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде. Округ аумағында "Ваб-ко" және «Агролайфхарвест» атты 2 ауылшаруашылық құрылымдары мен 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
2020 жылы жалпы егін егу көлемі 1395 гектарды құрап, нәтижесінде 1295 тонна дәнді дақылдар өндірілді.
Малдарға қыстық азық жем-шөп жинау жұмыстары уақтылы аяқталды, жиналған жалпы азық қоры 2900 тоннаны құрады.
Бүгінгі күні округ бойынша шаруа қожалықтарындағы малдар мен ауыл тұрғындарының малдарын қосқанда, ірі қара мал саны – 874 бас, ұсақ мүйізді мал саны – 2204 бас, жылқы – 36 бас тіркелген және де барлығына мал ауруларына вакцинациялар жасалынды.
Бүгінде округте мал бордақылаумен 1 шаруа қожалығы айналысады, 2019 жылғы деңгейге қарағанда асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесі 1,5 есе, қой мен ешкі – 1,3 есе артты.
Сондай-ақ, округімізде көлемі – 4 гектарды құрайтын көкөніс өнімдерін өндіретін «Organicagro» жылыжай кешені орналасқан. Жалпы көкөністерден алынған өнім көлемі жылына 120 тоннаны құрайды.
Және округіміздің келесі өзекті мәселесі – жабайы иттерді аулау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, 2020 жылы 210 қаңғыбас иттер ұсталды.
Шағын және орта бизнес
Ауылымыздың дамуына ықпал ететін орта және кіші бизнестің орны ерекше. Округ бойынша 328 жеке кәсіпкер тіркелген, 61 – азық-түлік дүкендері, 2 – техникалық жөндеу орталығы (СТО), 4 – дөңгелек жөндеу орталығы, 3 – мейрамхана, 1 – шағын маркет, 4 – шаштараз, 4 – дәріхана, 1 – жанар жағармай станциясы жұмыс істейді.
Жаңа жұмыс орындарын құру, инвестицияларды тарту мақсатында КазЦИК ауылында «Н.Досжанов атындағы көпсалалы медицина орталығы» ашылды. Орталық заманауи жаңа диагностикалық аппараттармен қамтылып, жоғары білікті мамандар қызмет етуде.
Округтің индустриалды дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – инвестицияларды тарту болып табылады. Округке қарасты жалпы алаңы 244 гектарды құрайтын өндірістік аймақта 441-ден аса шағын серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер және мекемелер тіркелген.
2019 жылы тартылған инвестиция көлемі 139 млн 754 мың теңгені құраса, 2020 жылы 350 млн теңгені құрады. 2021 жылға 500 млн теңге көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз.
Жұмыспен қамту бойынша
Өткен жылы Іле ауданының жұмыспен қамту орталығына округтен 437 адам сұраныс қалдырып, оның 343-і жұмыспен қамтылды.
Оның ішінде, қысқа мерзімді оқуға – 8 адам, қоғамдық жұмысқа – 69 адам, жастар тәжірбиесіне – 10 адам тартылды. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Бастау бизнес» оқыту курстарынан 15 адам өтіп, оның ішінде 4 адам 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 556 мың теңге грант алды. 1 адам төмендетілген пайызбен 500 мың теңге микро несиеге 10 бас қой сатып алып, қазіргі таңда қой шаруашылығымен айналысуда.
Әлеуметтік сала
2020 жылы «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақысы 115 отбасына тағайындалып, жалпы 47 млн 300 мың теңге төленді. Соның ішінде көпбалалы отбасы – 58, жалғызбасты аналар–16. Аталған отбасыларына Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан әлеуметтік топтама шеңберінде ай сайын кепілдік берілген азық-түлік пен әр тоқсан сайын химиялық заттар берілді және мектепте оқитын 120 балаға спорттық форма мен мектеп құралдары берілді.
Округ бойынша жыл басынан 7 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетіліп, 744 мың 141 теңге бөлінді. 34 тыл еңбек ардагерлеріне Жеңістің 75 жылдығына орай жалпы 1 млн 700 мың теңге төленді. Ауылды жерде тұратын білім саласындағы және денсаулық саласында жұмыс істейтін 276 қызметкерлерге отын сатып алуға – 3 млн 384 мың теңге, туберкулез індетіне шалдыққан 15 адамға – 787 мың 543 теңге, Чернобыль жарылысын тазартуға қатысқан 5 адамға – 250 мың теңге, Ауған соғысының 5 ардагеріне 250 мың теңге, үйде оқитын 7 мүгедек балаға – 234 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Округ аумағындағы жергілікті қоғамдастық кеңесі, ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі бірлесіп округте өтетін түрлі бағыттағы шараларға белсене қатысты.
2020 жылы елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде және мемлекеттік мерекелер қарсаңында ауыл азаматтары мен кәсіпкерлер округтің әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарына тегін бетперделер, қаржылай көмек және азық-түлікпен демеушілік көмек көрсетіп, жалпы 1000–ға жуық отбасы қамтылды. Жұмсалған қаражат көлемі 6 млн 500 мың теңгені құрады.
Қоғамдық тәртіп бойынша
Округ аумағында қазіргі таңда 4 – учаскелік полиция инспекторы, 1 – кәмелетке толмаған балалар жөніндегі инспекторы және 1 – жедел уәкіл қызметкері жұмыстарын атқаруда.
2019 жылмен салыстырғанда қылмастардың саны 1,8 есеге азайып отыр. (12 айда 68 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 28 – қылмыс ашылмаған).
Қылмысты ашу деңгейін жақсарту және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында округ бойынша облыстық маңызы бар тас жолдарына, жаяу жүргінші өткелдеріне және адамдар көп шоғырланатын орындарға жалпы саны 10 бейнебақылау камералары орнатылды. Алдағы уақытта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 10 бейнебақылау камераларын орнтау жоспарлануда.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына келер болсақ
Округте облыстық маңызы бар 14 шақырым 500 метрді құрайтын 1 тасжол, аудандық маңызы бар 5 шақырым 950 метрді құрайтын 1 тас жол және ауыл іші аралық 43 шақырым 150 метрді құрайтын 74 жолдар орналасқан. Қазіргі уақытта округ бойынша 22 көшеге орта жөндеу, 31 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осы аталған 53 жолдарға жөндеу жұмыстарына сұраныс берілді.
2020 жылғы атқарылған «Елді мекендерді абаттандыру және күтіп ұстау» жобасы аясында 12 миллион 500 мың теңге Алматы облысы «Соқырлар бірлестігі» ұйымына бөлінді. Әлеуметтік нысандар орналасқан тас жолдарына 6 кешенді жарықтандырылған жаяу жүргінші өткелдері мен 20 дана қоқыс жәшіктері орнатылды, сонымен қатар әкімшілік аумағының 135 метр жол жиек тастары (бордюр) ауыстырылды. КазЦИК ауылының орталығында орналасқан арка тірегінің сәулеттік келбетін жақсарту үшін қайта жөндеу жұмысы жүргізіліп бөлшектері ауыстырылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «РСУ-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 млн 600 мың теңгеге ұзындығы 638 метр құрайтын А.Қисанов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Эталон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен аумақты аббаттандыру бойынша құрылыс монтаждық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
КазЦИК ауылы, №6 орта мектебіне сиымдылығы 50 автокөліктік тұрағы салынды.
Сондай-ақ, саяжайлардың шекарасынан бастап А.Қисанов көшесінің соңына дейін 1150 метрді құрайтын асфальттанған жол, жаяу соқпақ салынып, көше шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді.
КазЦИК ауылынан бастап №42 орта мектепке дейін ұзындығы 1800 метр құрайтын жаяу соқпақпен жарықтандыру бағаналары кешенді түрде орнатылды және Б.Сейдалиев, А.Қисанов көшелерін толықтай көше шамдарымен жарықтандырылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында «Hadid» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 172 млн 545 мың теңгеге жалпы ұзындығы 6 мың 952 метрді құрайтын Абылай хан, Менделеев, Кіші Абай, А.Құлыбаев, А.Аитов, Ж.Жабаев көшелеріне орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтады.
Осы бағдарлама аясында «Электросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі округ бойынша 5 мың 400 метр электр желілерінің 172 бағаналарын, 3 трансформаторлық қосалқы станцияларын ауыстырды. Бөлінген сомма 30 млн 864 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, Жәпек батыр, Чапаев ауылдары аралық бағыты бойынша облыстық маңызы бар
1 мың 650 метр құрайтын тас жолына қосымша 45 жарықтандыру тіректерін орнатуға 11 млн 500 мың теңге бөлініп, жұмыстарын толықтай аяқтады.
2021 жылға жоспар
Сумен қамтамасыз ету
КазЦИК ауылындағы жаңа құрылыстарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Талдықорған геодезия» жобалау мекемесімен 7 мың 825 метрді құрайтын №42 орта мектебінің су қақпасын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 300-ге жуық ауланы сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. 2021 жылы жоба бойынша қаражат бөлініп, Бекет ата, Сыпатаев, 13-квартал, Абдиров, Жібек жолы, Бәйтерек көшелері сумен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда «МS-Strоy» жобалау мекемесімен, 17 шақырымды құрайтын КазЦИК ауылының 620-ға жуық ауланы сумен қамтамасыз ету үшін А.Қисанов көшесінде орналасқан су қақпасына жаңадан 2 су ұңғымасы мен 1 су мұнарасын салынады. Аталған жұмыстың жобалық сметалық құжаттамалары қазіргі уақытта жобалану үстінде.
Абаттандыру аясында
КазЦИК ауылдық округінің жастарын спортқа баулу мақсатында КазЦИК ауылының орталық алаңына 800 шаршы метр құрайтын шағын футбол алаңын салу жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленіп, аталған алаңды жасанды көгалмен заманға сай инфрақұрылыммен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бұқар жырау көшесінен Ж.Тасыбеков көшесіне дейін 300 метр жаяу соқпақ жолын салу және аталған көшелерге 1900 метр құрайтын жаяу соқпақ пен жарықтандыру шамдарын орнату жоспарға енгізілді. 2021 жылы іске асырылады.
Әлеуметтік нысандар құрлысы бойынша жобалар
КазЦИК ауылдық округінде қазіргі таңда біріктірілген тұрғын үйімен учаскелік полиция пункті жобаланып жер телімі бөлінді. Сонымен қатар Комсомол ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жобаланды. 2021 жылы аталған әлеуметтік нысандарға құрылыс- монтаждық жұмыстарына қаржы бөлінуіне ұсыныс беріледі.