
Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «ZOOM» платформасы арқылы онлайн форматта Іле ауданы әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия төрағасының 2021 жылға бекіткен жоспарына сәйкес, қаңтар айына жоспарланған мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға немесе шектеуге байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты шағымдар мен арыздар қаралды.