
"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы облыстық филиалы Іле аудандық ХҚО-да жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осы себепті фронт-офис 25 қаңтардан бастап уақытша басқа ғимаратқа көшіріледі.
Енді Іле ауданының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін Өтеген батыр ауылы, Жансүгіров көшесі №94 "Жан кафесі" мекенжайынан ала алады.
ХҚО-да 56 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 19 жұмыс орны бар. 500 м2 аумақта орналасқан ХҚО-да көлікке арналған автотұрақ та қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді.
Ескеретін жайт, басқа ғимаратқа көшіру жұмыстары салдарынан 23 қаңтар, яғни сенбі күні фронт-офис жұмыс істемейді.
ХҚО-ның жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 9.00- ден 18.00-ге, сенбі 9.00-15.00-ге дейін, үзіліссіз.