
Алматы облысы ТЖД Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша Іле ауданының жеке тұрғын үй секторын аралайды. "Абайлаңыз - улы газ" акциясы барысында, "Игі істер тізбегі" акциясы аясында "Жас Отан" Жастар ресурстық орталығының және Іле ауданының жастар клубының еріктілерімен бірлесіп, аталған Акция өткізіліп, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, атап айтқанда көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Жылыту кезеңінде өрттерді және улы газбен улану жағдайларын азайту мақсатында үйлердің аумақтарын қардан тазалау, түтіндіктерді тазалау, жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алматы облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды:
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды;
- мұржаны күйеден тазартыңыз;
- жанғыш құрылымдардан мұржалардың өртке қарсы шегінісі 0,5 м кем болмауы тиіс;
- пеш қалауында жарықтардың болуына жол бермеу;
- 70х50 см көлеміндегі алдын ала жағу парағының міндетті түрде болуы.;
- жылыту пешінің жанында заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) құрғатпаңыз;
- үйде электр желісін жарамды күйде ұстау;
- электр желісінің розеткаларын шамадан тыс жүктемеу;
Есіңізде болсын-сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.