лого

Меню

Страницы

Статья

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен, баспана қожайыны ретінде, кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екі жолын көрсететін боламыз.
📍Біріншісі Egov.kz порталы арқылы:
📌Порталға кіріңіз;
📌Іздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;
📌Қызметті онлайн сұратыңыз;
📌Портал сұратқан мекенжай туралы мәліметтерді толтырыңыз;
📌Портал тіркелген азаматтар тізімін шығарады. Қажетті азаматты "алып тастау" батырмасын басу  арқылы көрсетіңіз;
📌ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
📌Тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар өз тарапынан жеке кабинетінде келісімін беруі қажет;
📌Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден білесіз.

☝️Ескерту, өтініш беруші мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет.

📍Екіншісі ХҚО арқылы:
📌ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
📌Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
📌Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін беру ақылы қызметке өтініш беріңіз;
📌Қызмет нәтижесі 5 минутта дайын болады.

☝️Ескерту, ХҚО арқылы рәсімдеген кезде тіркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін алдын ала білгеніңіз абзал. Білмесеңіз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетіңізден тіркелгендер тізімін тексеру арқылы білуге болады.

Дата публикации
11 ноября 2020
Дата обновления
11 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы