лого

Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшылары 1 триллион теңге инвестициялық табыс алды

БЖЗҚ-ның 2020 жылғы 1 қазандағы негізгі көрсеткіштері 

2020 жылдың тоғыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға ұлғайды. Осындай ауыз толтырып айтуға болатындай, яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады (2020 жылдың басынан бергі өсім – 16%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге (өсім – 23%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жетті (өсім – 10%).

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бірлікке ұлғайды. 01.10.2019 жылы  ЖЗШ саны 10,6 млн бірлікті (10 576 023) құраса,  01.10.2020 жылға қарай 11,7 млн-нан (11 729 797) асты. Осылайша бір жылдағы өсім 11%   болды.

Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған – олар шамамен 11 миллион, дәлірек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттар - 521 681 (өсім – 2%), ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп өсуде, қазір БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны – 56 517 (өсім – 4%).

           Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 777,07 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылды, бұл 2019 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 61,7 млрд немесе 9% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 740,2 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды, 35,2 млрд теңге МКЗЖ бойынша, ал 353 млн теңге ЕЗЖ бойынша жинақталған.

           Төлемдер 138,5 млрд теңгені құрап, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 33%  жасына байланысты төлемдерге (46,1 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдарға (36,1 млрд теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша (27,6 млрд теңге), мұрагерлерге (24,5 млрд теңге), жерлеуге (3,01 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдерге (1,1 млрд теңге) тиесілі болды.

Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы