лого

Меню

Страницы

Статья

21 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Осы бағытта қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.

Жалпы, қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары қоғам өмірінің түрлі салаларын қамтиды.

Департамент азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтау және оларды қалпына келтіру мақсатында тек келіп түскен өтініштерді қараумен ғана шектелмей, бақылау іс-шараларын жүргізу арқылы да мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Мәселен, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы бойынша жоспарлы тексеріс кезінде «Құрылысқа арналған эскизді (эскиздік жобаны) келісу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде «Алатау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан 21 негізсіз бас тарту фактісі анықталды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден тек заңнамада көзделген негіздер бойынша ғана бас тартуға жол беріледі.

Алайда жоспарлы тексеріс барысында мемлекеттік қызмет көрсетуші тарапынан эскиздік жобадағы объектінің мекенжайын түзету, жобаның жауапты орындаушысының мөрінің болуы және ситуациялық жоспарға қатысты заңнамада көзделмеген талаптар негізінде бас тартулар берілгені анықталды. Бұл талаптар қолданыстағы қағидаларда көзделмегендіктен, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға заңды негіз болып табылмайды.

Нәтижесінде Департаментпен тексеріс шараларының негізінде 21 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы – Досбол Ақылбекұлы Тұрысбеков

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы