лого

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырып: «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз».

 БЖЗҚ 2020 жылғы 27 тамызда ерекше виртуалды «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. 2020 жыл басынан бері автомат түзімде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылғанын атап көрсетеміз және олардың иелерінің көпшілігі «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен алғаш рет «Ашық есік күнінде» танысады.

Қор мамандары Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өз зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары және көптеген басқалар туралы ақпаратпен бөліседі.

Үйден шықпай-ақ іс-шара тақырыбындағы сауалдарға ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сауалдарға жауап алу мүмкін болады.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда сағат 10.00; 12.00; 14.00 және 16.00-де онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы төменде берілген сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі мен event-жиналыс паролі енгізіледі.

 Мемлекеттік тілде: 

Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 12:00

Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы:   https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e7b33261c652efeb0843b244b7b6e5af9

Еvent-кездесу нөмірі: 170 712 0199

Еvent-кездесу құпиясөзі: zz222

Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 16:00

Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы:   https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e23219a6f2b5b31059bc3999a25e63506

Еvent-кездесу нөмірі: 170 389 8317

Еvent-кездесу құпиясөзі: zz444

Орыс тілінде:

Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 10:00

Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы:   https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e19e14c1b7153a12d119ca372d47f0bee

Еvent-кездесу нөмірі: 170 535 3935

Еvent-кездесу құпиясөзі: zz111

Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 14:00

Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы:  https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e772916da31edfe0b182d6d20f7f114a0

Еvent-кездесу нөмірі: 170 680 0326

Еvent-кездесу құпиясөзі: zz333

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Байланыс тұлға      -  Бимурзаева Айгуль Амангельдиевна  8 727 330 98 38,  вн.72762,  7 707 760 91 90

                                        Кожахметова Айнур Абдурахмановна 7 707 323 1112

                                        Абуева Гулдана Нургалиевна   7 708 106 7192              

Дата публикации
25 августа 2020
Дата обновления
25 августа 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы