лого

Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Құрметті оқырман, бүгінгі #oqy&toqy айдарын «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметіне арнамақпыз.  
📌Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз
📌Іздеу жолы арқылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін табыңыз
📌Қызметті онлайн сұратыңыз
📌Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз
📌Есеп-шотыңыз жайлы мәліметтерді растаңыз
📌Екінші қадамға өтіп, ЭЦҚ арқылы өтінішті растаңыз
📌Үшінші қадамда отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтерді толықтай толтырыңыз
📌Отбасыңыздың табысын растайтын құжаттардың, үйдің шығындарына қатысты есеп-шоттар мен түбіртектердің скан көшірмесін қоса жүктеңіз
📌Сұранымды растаңыз

✔️Тұрғын үй көмегі тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларға, мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж жандарға  және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға беріледі.
✔️Тұрғын үй көмегі - жекешелендірілген немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар, коммуналдық қызметтер және байланыс шығындары, әкімдік жеке тұрғын үй қорынан алынған үйдің жалдау төлемдері және электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны.

📍Онлайн қызметті Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары пайдалана алады. 

📍Қызметтің дайын болуын 8 жұмыс ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз. Іске сәт!
Дата публикации
04 августа 2020
Дата обновления
04 августа 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы