лого

Меню

Страницы

Статья

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2020 жылы 1 жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

    Аудан бойынша  халық саны 219,5 мың. адамды  құрады, экономикалық тұрғыдан  белсендi халық саны  99,8  мың. адам, жұмыспен қамтылған халық саны  95,6 адам.          Оның ішінде  өздігінші  жұмыспен қамтығандардың саны 19,6 мың. адам болды, халықтың жұмыспен қамтылған санында өздігінші жұмыс істейтіндердің үлесі 20,5 пайызды құрады.  Жұмыссыз  халықтың саны 4 258 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,3% пайызды құрады. 

         Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының Кешенді Жоспарына сәйкес  2020 жылдың басынан  2 175 адамға қолдау көрсетіліп негізгі  жоспар 48,8%-ға орындалды (жоспар бойынша 4 460 адамға қолдау көрсету жоспарланған) (2019ж.- 2 100 адам). Қамтылған адамдардың 1 786-і жұмыспен қамтылса, олардың 662-і тұрақты жұмысқа, 1124-і уақытша жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша жұмыспен қамту деңгейі  82%  құрады.

         2020 жылға 3 561  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу жоспарланған, нақтысында 2 105  жаңа жұмыс орны ашылды, өнеркәсіпте -318, денсаулык  саласында- 468, саудада- 56, құрылыста- 266, көлік және коймалау саласында-2, басқа түрлері- 251, жоспардың орындалуы 59 пайызды құрады. (2019ж.-1361).

         «Еңбек» «2017-2021 жылдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2020  жылы  565,6 млн.теңге 1 934 адамға қарастырылды, нақтысында 1 124 адам жұмылдырылып, 207,2 млн.тенге қаражат игерілді.  

         Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша  жаппай оқытуды ұйымдастыруда бағытталған.  Қысқа мерзімді оқытуға  163  адам (жоспар бойынша 200 адам) 6 мамандық бойынша жіберіліп, 14,6 млн.теңге қаражат жұмсалды. (2019ж.-344  адам).

         Бағдарламаның екінші бағыты бойынша "Бастау Бизнес" жобасы аясында Кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіптік оқыту негіздеріне бір айлық мерзімге жыл басынан  96 адам  оқуға жолданып (2019 жылы 106 адам), аяқтағандардың ішінен 36 адам 165,3 млн. теңге  шағын несие алды. (2019 жылы 14 адам). Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 2020 жылға мемлекеттік грант 113 адамға әркайсына 200 АЕҚ  62,2 млн.теңге жоспарланған, жылдың басынан 85 адам  46,7 млн.теңге көлемінде алды.          Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2020 жылы жастар практикасына  53 жас маман  15 мекемеге жіберіліп, 13,4 млн.тенге көлемінде қаражат жұмсалды (жоспар бойынша 188 адам) (2019 жылы 81  адам).

         Ауданның 10 жұмыс берушілерімен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім шарттар жасалып, 82  жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолдама арқылы жіберіліп, оларға  7,2 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалды. (Айына 20 300 теңге көлемінде субсидия төленді, жалпы еңбек жалақысы жүмыс берушілер тарапын есепке алғанда 58 000 теңге кем емес), (2019 жылы 71 адам болды). Қоғамдық жұмыстарға 609 адамға қолдау көрсетілді  125,1 млн.теңге қаражат жұмсалды (жалақысы айына 85 000 теңге) (2019 жылы 272  адам қатысты).

         Электрондық еңбек биржасы арқылы 132 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, сонымен қатар 140  жұмыссыз азаматтар түйендемелерін еңгізді.     Төтенше жағдай уақытысында табысынан айырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, дара кәсіпкерлері мен жеке практикамен айналысатын тұлғаларға  42500 теңге көлемінде аудан бойынша 107100 азамат әлеуметтік төлем төленді. Төтенше жағдай уақытысында табысынан айырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, дара кәсіпкерлері мен жеке практикамен айналысатын тұлғаларға төлем ақы толеу үшін аудандық штаб құрылды. 

Ауданда төтенше жағдай режиміне байланысты  78 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерде 1369 адам еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болды. Жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардға сараптама жүргізілуде. Осыған байланысты ай сайын кәсіпорындарымен мекемелерден  еңбек нарығындағы жағдай туралы статистикалық нысан бойынша 3-есеп  жиналуда. Қазіргі таңда 129 кәсіпорындар мен мекемелерден мәлімет алынып, жұмыскерлерді қысқарту қатері орын алған жоқ.

Аудан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (әрі қарай- АӘК) жыл басынан  1 165 отбасы жүгініп,  (оның ішінде 6240 адам) 320,5 млн.теңге көлемінде тағайындалып, төленді.

 АӘК алушылар қатарындағы мектеп жасына толмаған 1-6 жас аралығындағы балаларға кепілдік әлеуметтік топтамалар (КӘТ) ұсыну тетіктері жасалды. Бүгінгі күнде 1 825 бала 47,2 млн.тенге көлемінде толығымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде 100,1 млн.теңге көлемінде (2 АЕК- 5566 теңге) екі транш кезеңімен (наурыз, сәуір айлары) 9 965  жекелеген санаттарына жататын  азаматтар азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етілді: оның ішінде- I, II, III топтағы мүгедектер - 3 911, мүгедек балалар -884, оларға күтім жасау үшін мүгедек балалардың аналары -958, тіркелген жұмыссыздар-710.

Әр түрлі әлеуметтік көмек алушылардың саны 1 749 адамды құрады (тұрғын үй көмегі - 250, мүгедек балаларға үйде оқыту - 167, отын сатып алуға бір жолғы төлем алушылар саны- 936, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету - 388 адам), барлығы 45,2 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

Ауданда Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуіне байланысты 683 адамға 42,8  млн.теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төленді. Оның ішінде 5 адам ҰОС ардагерлері - ​​5,0 млн. теңге мөлшерінде; Даман соғысына қатысушылар - 2 адам. 1,1 млн. теңге сомасында; тыл еңбеккерлері - 635 адам 31,7 млн. теңге сомасында; екінші дүниежүзілік соғыстаң қайтыс болған қатысушыларының әйелдері - 39 адам 3,9 млн. теңге сомасында; концлагерь, гетталар және басқа жерлердегі тұтқындар - 1 адам 100,0 мың теңге сомасында; блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар - 1 адам. 60,0 мың теңге сомасында;

Ауданда мүгедектер саны 4 830 адам, немесе халық санының 2,2 пайызын құрайды, оның ішінде 1 және 2 –ші топ мүгедегі 2 123 адам, 3-ші топ мүгедегі 1 812 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -895. 

2020 жылға 2 000-ға жүық сұраныс азаматтардан түсті және Е-собес ақпараттық жүйесіне еңгізілді. Жыл басынан 1 293 азамат мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.Жылдың басынынан  мүгедек адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында 1 293 техникалық көмекші құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек-120, сурдо-тифлоқұралдармен-124, арнайы жүріп-тұру құралдарымен-158,  санаторий-курорттық емдеуге 250 жолдама, міндетті гигиеналық құралдармен-300), сонымен қатар 282 адам жеке көмекші және 59 ымдау тілі мамандарының қызметімен, жалғыз басты карттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету – 222 адамға, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден әлеуметтік көмек көрсету -  140 мүмкіндігі шектеулі балаларға қамтамасыз етілді.

Мемлекеттпен қатар көптеген қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кедейшілік проблемаларын шешуге, халықтың тұрмыс деңгейіне  ықпалын тигізіп, өз үлесін қосуда. Жыл басынан осы ұйымдар аз қамтылған, мүгедек жандарға және ҰОС ардагерлеріне, мұқтаж  3 124 отбасы оның ішінде 8 965 азаматтарға 44,7 млн. тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

Іле аудандық жұмыспен қамту 
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы                                                                Ж.Айтенова

Дата публикации
03 июля 2020
Дата обновления
03 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы