
Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 10.07.2020 жылғы № 43-43/949 хаты негізінде 2020 жылғы күзгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отынын сатып алу операторы болып "Қарамай Продактс" ЖШС анықталды.
Сонымен қатар, аудандарға бөлінген дизель отыны бұрынғы тәртіппен, яғни ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауданның ауылдық әкімдіктеріне өтінімдерін беру арқылы қағаз жүзінде жүргізілетін болады. (Qoldau KZ арқылы жүргізу бағдарламасы тоқтатылды).
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына сатылатын дизель отынының бағасы ағымдағы жылдың наурыз айында 1 литрі 168,5 теңгені құрайды.
"Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ-сі