лого

Меню

Страницы

Статья

Іле ауданының әкімдігі Қараой және Ащыбұлақ ауылдық округтеріне өрт сөндіруші жұмысшылар алуға хабарлама жариялайды

Индекс 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі №8, анықтама телефоны/факс: +7(72752)  2-04-42. Электрондық пошта: akimat@iletany.kz, БСН 000840002371.

 

Қатысушыларға арналған жалпы ақпарат:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7  жұмыс күні.

Құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет;

3) Даярлау бағдарламасынан өткен бiлiмi туралы құжаттар (сертификат) мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

9) Әскери билет немесе тіркеу туралы куәлік

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі №8.

  1. Іле ауданының Қараой ауылдық округіне өрт сөндіруші жұмысшылар, лауазымдық жалақысы 50 000,00 теңгеге, 4 бірлік (ауысым тәртібімен 2/2).

Білімі: «Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 888 бұйрығымен бекітілген даярлау бағдарламасынан өткен бiлiмi туралы құжаттар (сертификат/куәлік), «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген құжаттар (сертификат/куәлік).

Функионалдық міндеттері: Округте орын алған өрттерді сөндіру (елді мекендерде және дала өрттері);

  1. Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіне өрт сөндіруші жұмысшылар, лауазымдық жалақысы 50 000,00 теңгеге, 4 бірлік (ауысым тәртібімен 2/2).

Білімі: «Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 888 бұйрығымен бекітілген даярлау бағдарламасынан өткен бiлiмi туралы құжаттар (сертификат/куәлік), «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген құжаттар (сертификат/куәлік).

Функионалдық міндеттері: Округте орын алған өрттерді сөндіру (елді мекендерде және дала өрттері);

Дата публикации
13 апреля 2020
Дата обновления
13 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы