
2024 жылғы 30 наурызда сағат 15:50-де Байкент ауылдық округіне қарасты Іле ауданында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жағдай тұрақты. Жеке құрам дабыл қағып, оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аттанды.
Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Байкент ауылында 7000 адам, Қарой ауылында 5262 адам тұрады.
Жарықтың ені шамамен 4-5 метр, ал су қоймасының жалпы көлемі 1,36 миллион текше метр, нақты көлемі 700 мың текше метрді құрайды. Орташа тереңдігі 10 метр, қазіргі уақытта 60% толған. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасын бойлай, әрі қарай тоғандарға құяды, онда барлық шлюздер транзиттік режимде суды ағызу үшін ашық.